"Менің өлкемнің тарихының беттерінен"
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында тарих пәнінің мұғалімі Брімжан Мағжан Нұрланұлы 9-сынып оқушыларымен "Менің өлкемнің тарихының беттерінен" атты тарих сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушыларға Жамбыл ауданының атақты тумалары, ірге тұтар қоғам қайраткерлері жайлы баяндалды. Ауданымызда осы тұлғаларға арнап қандай мұражайлар ашылып, қандай ескерткіштердің салынғандығы және осы ескерткіштердің салу мақсаттары жайлы қызу түрде қарастырылды.