«Қазақша күрес» бойынша аудандық жарыс.
2017 жылдың 21 сәуірінде Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылында «Қазақша күрес» бойынша ұлдар арасында аудандық жарыстар өткізілді. Жарысқа аудан мектептері командалары қатысты. Жарыс мектеп спорт залында өтті. Алдын ала жас спортшылар өлшеуден түрлі салмақ категориялары бойынша бөлінді. Жарысты бірінші болып жеңіл салмақтылар бастады. Командалар естелік медальдар және грамоталармен марапатталды. Мектебіміздің жас спортшылары 1,2,3 орындарды иеленді.