"Жас Ұлан" және "Жас Қыран" мектеп жастар ұйымына қабылдау ресімі
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы - өскелең ұрпақты жоғарғы рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, демократиялық ұстанымдарға негізделген Қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыратын ұйым.
Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыра отырып, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу «Жас Ұлан» ұйымының басты мақсаты болып табылады.
Еліміздің өркендеуі, гүлденуі- болашақ ұрпақтар қолында. Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе, білімді, тәрбиелі, белсенді болуымыз керек. Осы мақсаттың орындалуының бірінші баспалдағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына өту болып табылады.
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні қарсаңында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына, Қайранкөл орта мектеп бойынша оқушыларды қабылдау жиыны 15 желтоқсан күні салтанатты түрде өткізілді.